Мүсірепов 1902 жылы 22 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында туылған. Сауатын ауыл молдасынан ашқан ол 14 жасында Омбыдағы 2 класстық орыс мектебіне оқуға түседі. Оқуды бітірген соң Пресногорьковта жоғарғы бастауыш мектепте білімін жалғастырады. Осында жүргенде орыс, батыс әдебиеттеріне зер салып танысады. Көркем әдебиетке деген құштарлығы арта түседі. Ғ. Мүсірепов қазақ даласындағы әлеуметтік өмір ел ішіндегі саяси науқандарға да араласып кетеді. Аса көрнекті жазушы, көркем сөздің тарланбоз шебері, белгілі қоғам, мәдениет қайраткері, Ғабит Мүсірепов - халқымыздың маңдайына біткен аяулы жарық жұлдыздарының бірі.
"Ғылым Ордасы" РМК Орталық ғылыми кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге ғалымның ғылыми еңбектері мен ол туралы жазылған әдебиеттер қойылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы