Армысың, Әз-Наурыз!
Ұлыстың ұлы күні. Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айналдырған. Қазақстан да Наурыз мейрамы наурыз айы аралығында аталып өтеді. Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Наурыз мерекесі қасиетті күн. Данышпан ата - бабаларымыз бұл күнді табиғаттың айрықша белгілерін ескере отырып белгілеген. Наурыз айын Күн мен түннің теңелетінін, төрт түлік мал да төлдейтін, табиғаттағы барлық жәндіктер мен өсімдіктерге жан бітетін ай. Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған сондықтан да болар, бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбейтін адам болмаған. Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу секілді адамгершілік қасиет көрініс тауып, кейінгі ұрпаққа үлгі ретінде жалғасып келеді. Халықта наурыз көжені тойып ішкен адам келесі жылға дейін ішім-жемнен тарлық көрмейді деген ұғым бар. Осы мерекеге байланысты "Ғылым Ордасы" РКМ Орталық Ғылыми Кітапханасы " Армысың, Әз-Наурыз!" атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрмеге "Наурызнама", "Наурыз көже", " Ұлттық салт-дәстүрлер", " Бабадан қалған бар байлық", "Қазақтың ұлттық киімдерін" т.б. наурыз туралы жазылған әдебиеттер қойылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы