Menu

Құрметті оқырмандар! Орталық ғылыми кітапхананың жұмыс кестесіне енгізілген өзгерістер туралы хабарлаймыз. Кітапхана демалыс және мереке күндерінен басқа, аптасына бес күн (дүйсенбі- жұма) сағат 09-00-ден 18-30-ға дейін оқырмандарды қабылдайды. Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты, кітапханада маска тағуды, қолдарыңызды антисептикалық құралдармен зарарсыздандыруды және ара қашықтықты сақтауларыңызды өтінеміз.

Ғұбайдолла Айдаров 1921 жылдың18 маусымында қазіргі Маңғыстау облысыМаңғыстау ауданы Тельман ауылында дүниеге келген. Ғалым, филология ғылымдарының докторы (1974), Қзақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1994). 1934-1935 жылдарыТүрікмен КСР-інің Ташауыз қаласы педагогикалық училищесінің дайындық бөлімінде білім алады. 1935-1937 жылдарыКрасноводск қаласындағы Бауман атындағы техникумында, 1937-1938 жылдарыМары қаласындағы педагогикалық училищеде оқыды. Еңбек жолын ауылдағы жетіжылдық мектепте мұғалім ретінде бастайды. 1940 жылы әскер қатарына алынып, 1944 жылға дейін Ұлы отан соғысына қатысты. Соғыстан кейін барлық қажыр-қайратын білім беру саласына арнады. Қатардағы мұғалімдіктен директорлық қызметке дейін көтерілген.1948 жылы Айдаров Шымкент оқытушылар институтын, 1952 жылы ҚазПИ-ді (қазіргі ҚазҰПУ) бітіреді. Институттың аспирантурасында оқып жүргенде көне түркі жазуларына ден қойды. 1959 жылдан Қазақстан Ғылымдар Академиясының Тіл білімі институтында кіші, аға ғылыми қызметкері болады.

Ғылыми еңбектері негізінен түркі жазба ескерткіштерін зерттеуге арналған. Айдаров, Ғұбайдолла ғылыми еңбектерінде көне түркі ескерткіштерінің мәтіндерін қазіргі графика бойынша транскрипциялап, олардың тілін лингвист тұрғыдан жан-жақты талдаған, ескерткіштер тілінің қазіргі қазақ тіліне жақындығын зерттеп, дәлелдеген.

«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы Ғұбайдолла Айдаровқа арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ғалымның өмірі мен шығармашылығы, мерзімді басылым беттерінде жарияланған ғылыми еңбектері мен мақалалары қойылды.

 

                  

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" шжқ рмк бас директоры

Абубакирова Лейла Пернебайқызы

 


gylymorda embl 


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo

 

 

Жаңалықтар

  • Әбу Насыр әл-Фараби 1150 жыл

         Орталық ғылыми кітапхананың сирек қорында сақталған әл-Фарабидің құнды мұралары.  

    Read More
  • Абай Құнанбайұлы - 175 жыл

      Виртуалды тақырыптық көрме (ВИДЕО)  

    Read More
  • Ел тарихындағы елеулі оқиғалар

    Ел тарихындағы елеулі оқиғалар        

    Read More
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  • 32
  • 33
  • 34
  • 35
  • 36
  • 37