Тынысбек Шәріпұлы Кәлменов - 1946 жылы 5 сәуірде Түркістан облысы Төле би ауданы Көксаяқ ауылы туған. Физика-математика ғылымының докторы (1983), профессор (1986),Қазақстан ҒА-ның академигі(2003) Тынысбек Шәріпұлы 1969 Новосибирск университетін (Ресей) бітірген. 1969–1972 жылдар аралығында КСРО ҒАСібір бөлімшесінің Математикалық институтының аспирантурасында,1972–1985 жылдары Қазақстан ҒА Математика және механика институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі қызметтерін атқарған болатын. 1983 жылы М. В. Ломоносов атындағы ММУ-да докторлық диссертация қорғады.
1985–1991 жылдар аралығында ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) кафедра меңгерушісі және декан болып қызмет жасады. 1991–1997 Қазақ химия-технология институтының ректоры қызметтерін атқарды. 1997 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі болып қызмет жасай бастады. Негізгі ғылыми еңбектері вольтерлік емес трикоми операторы проблемасын шешуге арналған болатын. Сондай-ақ ол гиперболалық, эллипстік және аралас типтегі теңдеулер үшін локальді емес шекаралық есептердің спектрлік теориясын құрды.
1978 жылы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, 1996 Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері атанды.Академик Тынысбек Шәріпұлы Қазақстанда әлемге танылған ірі ғылыми мектеп құрды. Ол 11 ғылым докторы мен 50-ден астам ғылым кандидатын дайындаған. Академик Тынысбек Шәріпұлы Кәлменовтың еңбектері жоғары рейтингті халықаралық ғылыми журналдарда жарияланып, 2008 жылы "Құрмет" орденімен және Қазақстан Республикасының медальдарымен марапатталған.
Кәлменов Тынысбек Шәріпұлына 75 жас толуына арналған Орталық ғылыми кітапхана РМК «Ғылым ордасы» ғалымның ғылыми мұрасы мен өнегелі өмірі туралы жазылған кітаптардан көрме ұйымдастырды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы