2021 жылдың 28 қаңтарында Ш. Уалиханов атындағы Тарих және этнология институты «Қазақстан тарихы.Энциклопедия» 3 т. тұсау кесер рәсімін өткізді. Іс-шара ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған «ХХІ ғасырдың үшінші онжылдығындағы Қазақстан тарихы ғылымы дамуының жаңа серпіні» тақырыбындағы Республикалық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясы аясында өтті.
Осы іс-шараға арнап «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге институт ғалымдарының әр жылдарда жарық көрген ғылыми еңбектері ұсынылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы