Menu

Құрметті оқырмандар! Орталық ғылыми кітапхана демалыс және мереке күндерінен басқа, аптасына бес күн (дүйсенбі- жұма) сағат 09-00-ден 18-30-ға дейін және сенбі күні сағат 10-00-ден 17-00ге дейін оқырмандарды қабылдайды.Әр айдың соңғы бейсенбі күні тазалық күні. Кітапхана оқырмандарға қызмет көрсетпейді.

Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының ұшқыш-ғарышкері, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы және Ресей Федерациясының Батыры, авиация генерал-лейтенанты, техника ғылымының докторы, «Экология» Қазақстан халық академиясының академигі Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев - 70 жаста. Қазақтың маңдайына біткен батыр ғарышкері 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысы, Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында тілші әкесі мен дәрігер анасының отбасында дүниеге келген. Тұңғыш ұлы дүниеге келгенде Талғат Бигелдинов ағасындай батыр болсын деп, атын ырымдап қойған екен. Бала Талғат та ағасы сияқты батыр, одан кейін Юрий Гагарин сияқты ғарышкер болуды армандап өседі. Сол арманына 43 жасында қол жеткізеді.

         Талғат Мұсабаев - қазақтың 2-ші, ал әлемнің 309-шы ғарышқа үш рет ұшқан ғарышкері. 1994 жылғы маусымның 1-інен қарашаның 4-іне дейін «Союз-ТМ» ғарыш кемесінің борт-инженері ретінде ғарышта болып, 2 рет ашық ғарыш кеңістігіне шықты. 25-негізгі экспедиция бағдарламасы бойынша 1998 жылы қаңтардың 29-ы мен тамыздың 25-і аралығында «Союз-ТМ-27» және «Мир» ғарыш кемелерінің командирі ретінде ғарышта болды. Ұшу кезінде 5 рет ашық ғарыш кеңістігіне шықты. 2001 жылғы сәуірдің 28-і мен маусымның 6-ы аралығында «Союз-ТМ-32» ғарыш кемесімен Халықаралық ғарыштық стансасына барған бірінші экспедицияның экипаж командирі міндетін атқарады. 2003-2005 жылдары - Ю.А.Гагарин атындағы Ғарышкерлер дайындау орталығының топ командирі. 2005-2007 жылдары - «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамының бас директоры. 2007 жылы 11 ақпаннан 11 сәуірге дейін Қазақстанның әуе-ғарыш агенттігінің директоры қызметтерін атқарған. 2007 жылдың 11 сәуірінен - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы қызметін атқарды. 2014 жылдың 14 тамызынан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің төрағасы.
         Осы айтулы күнге орай РМК «Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге ұшқыш-ғарышкердің өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері, ол туралы әдебиеттер мен естеліктер және космос кеңістігін бағындырудағы жасаған ерліктері туралы материалдар қойылды.

 

          

 

 

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" шжқ рмк бас директоры

Абубакирова Лейла Пернебайқызы

 


gylymorda embl 

banner


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo

 

 

Жаңалықтар

  • Әбу Насыр әл-Фараби 1150 жыл

         Орталық ғылыми кітапхананың сирек қорында сақталған әл-Фарабидің құнды мұралары.  

    Read More
  • Абай Құнанбайұлы - 175 жыл

      Виртуалды тақырыптық көрме (ВИДЕО)  

    Read More
  • Ел тарихындағы елеулі оқиғалар

    Ел тарихындағы елеулі оқиғалар        

    Read More
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  • 32
  • 33
  • 34
  • 35
  • 36
  • 37
  • 38
  • 39
  • 40