2020 жылдың 23 қазанында Алматы қаласы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Ұлы Даланың ұлтаралық тілі» тақырыбында І Республикалық конгресс болып өтті. Конгрестің негізгі мақсаты – елімізде ұлттық тілдің қолдану аясы, басқа тілді аудиторияларда қазақ тілін оқыту методикасын жүзеге асыру туралы болды.
Аталған іс-шара жұмысын Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ж.Қ. Түймебаев ашты. Ұлттық тілдің қоғамдағы ролін арттыру, қолдану аясын кеңейтуде көптеген іс-шаралар жүргізіліп жатқандығы, оған этностардың үлесі, ана тілін меңгеру жастар саясатының негізгі бір бөлігі екенін атап айтты. ҚР Ақпараттық және қоғамдық даму вице-министрі М.А.Әзілханов конгреске қатысушы қонақтарды құттықтап, Қазақстанның әр облысынан келген өзге ұлт өкілдеріне, тіл жанашырларына сәттілік тілеп, мемлекеттік тілді дамытудың маңыздылығы туралы атап өтті. Конгресс жұмысы барысында мемлекеттік тілді еркін меңгерген өзге ұлт өкілдері мен этномәдени және жастар бірлестіктерінің мүшелері сөз сөйлеп, қазақ тілін үйренудегі тәжірибелері мен ұсыныстарын жеткізді.
«Ғылым ордасы» РМК Орталық Ғылыми кітапханасы аталған іс-шараға арнап кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрме «Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі ұлттық тіл», «Тіл білімінің тарландары» және «Қазақ тілін оқыту методикасы» деген бөлімдерден тұрды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы