Әбу Насыр Әл-Фараби (араб.: أبو نصر محمد الفارابي )
Әбу Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Тархан ибн Узлағ әл-Фараби ат-Турки (870 - 950 ж. ш.) - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі.
Биылғы 2020 жылы Аристотельден кейін дүниежүзілік білім мен мәдениеттің екінші ұстазы атанған ұлы ғұлама, энциклопедист Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына арналған іс-шаралар өтуде. Ол Сырдария бойындағы Отырар қаласында дүниеге келген. Ол бала кезінен сол дәуірдегі өркениет пен білімнің, ғылымның орталықтары саналған қалаларды аралап, білімін жетілдіріп отырған. Сауатын түркі тілінде ашқан ол, араб, парсы және басқа да бірнеше тілдерді жетік меңгерген. Ғылым, білім іздеп көп жерлерді аралаған ойшыл сол заманда дамыған ғылым салалары мен өнер түрлерін жетік меңгеріп, оның дамуына өз үлесін қосады. Осылайша кейінгі ұрпаққа мол мәдени мұра қалдырды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы