Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, биология ғылымдарының докторы, орнитолог-ғалым Анатолий Федорович Ковшарь «Птицы.Дороги.Люди» және «Птицы Тянь-Шаня» атты еңбектерінің презентациясын өткізді. А.Ф.Ковшарь 5 томдық «Қазақстан құстары» және «Қазақстан қызыл кітабының» құрастырушыларының бірі. Оның негізгі ғылыми еңбектері Тянь-Шань құстарын зерттеу және оларды қорғау, сақтау мәселелеріне арналды. Аталған кітаптардың презентациясына ғалымдар, музе» қызметкерлері және Жоғары оқу орындарының қызметкерлері қатысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы