Menu

Құрметті оқырмандар! Орталық ғылыми кітапхана демалыс және мереке күндерінен басқа, аптасына бес күн (дүйсенбі- жұма) сағат 09-00-ден 18-30-ға дейін және сенбі күні сағат 10-00-ден 17-00ге дейін оқырмандарды қабылдайды.Әр айдың соңғы бейсенбі күні тазалық күні. Кітапхана оқырмандарға қызмет көрсетпейді.

Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, түркітанушы- ғалым, «Қазақ тілі» қоғамының құрметті Президенті, Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдуәли Туғанбайұлы Қайдардың туғанына биыл 95 жыл толып отыр.

Әбдуәли Қайдар 1924 жылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Талдыбұлақ ауылында дүниеге келген. Орта мектепті және пед.курсты аяқтаған ол өзі сұранып майдаңға аттанған. Майдандағы жауынгерлік ерліктері үшін бірнеше жоғары дәрежелі ордендер және медальдармен марапатталған. Майданнан елге оралған ол 1947 жылы С.М.Киров  (бүгінгі аль-Фараби) атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінің студенті атанады.

1951-1954 жылдары Қазақ ССР Ғылым академиясында аспирант, кіші ғылыми қызметкер болып, түркі тілдері жайында ғылыми ізденістер мен зерттеулер жаза бастайды. Соның нәтижесінде 1955 жылы «Қазіргі ұйғыр тіліндегі қос сөздер» тақырыбында кандидаттық, 1970 жылдары «Ұйғыр диалектілері және әдеби тілдің диалектілік негізі» атты докторлық диссертация қорғайды.

1971 жылы «Қазіргі ұйғыр әдеби тілінің дамуы» монографиясы үшін Ш.Ш.Уәлиханов атындағы І дәрежелі сыйлыққа ие болды.

Ә.Т. Қайдар 1972 жылы Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, 1978 жылы Тіл білімі институтының директоры, ал 1983 жылы академик болып сайланады.

Осылайша аспиранттан академикке дейін өскен ғалымның бүкіл саналы ғұмырының жарты ғасырынан астам уақыты А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтында өтті. Оның түркітану әлеміне, қазақ және ұйғыр тіл біліміне қосқан үлесін оның жазған ғылыми еңбектерінен, мектеп және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтарынан көруге болады.

2019 жылдың 6 желтоқсанында А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты Қазақстан халқы Ассамблеясымен, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамымен бірлесіп академик Ә.Т. Қайдардың 95 жылдығына орай халықаралық форум өткізді.

«Ұлы Дала тұлғалары: қазақтану іліміндегі академик Ә.Т. Қайдардың тілдік әлемі» атты форум жұмысына Орталық ғылыми кітапхана РМК «Ғылым ордасы» ғалымның сан-салалы ғылыми мұрасы мен өнегелі өмірі туралы жазылған  кітаптардан  көрме ұйымдастырды.

 

     

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" шжқ рмк бас директоры

Абубакирова Лейла Пернебайқызы

 


gylymorda embl 


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo

 

 

Жаңалықтар

  • Әбу Насыр әл-Фараби 1150 жыл

         Орталық ғылыми кітапхананың сирек қорында сақталған әл-Фарабидің құнды мұралары.  

    Read More
  • Абай Құнанбайұлы - 175 жыл

      Виртуалды тақырыптық көрме (ВИДЕО)  

    Read More
  • Ел тарихындағы елеулі оқиғалар

    Ел тарихындағы елеулі оқиғалар        

    Read More
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  • 32
  • 33
  • 34
  • 35
  • 36
  • 37
  • 38
  • 39
  • 40