«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында Айтмұхамед Абдоллаұлы Абдулиннің туылғанына 95 жыл толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.Көрмеде ғалымның ғылыми еңбектері, өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер, ол туралы әдебиеттер мен естеліктер, мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалары және оның редакциясымен шыққан әдебиеттер оқырмандар назарына ұсынылып отыр.
Айтмұхамед Абдоллаұлы Абдулин – геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстанның және КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті ғалым-геолог, қазақстан ғылымын ұйымдастырушылардың бірі.
1924 жылы 29 қарашада Жезқазған облысы Ұлытау ауданының Ұлытау ауылында дүниеге келген.
1942-1946 жылдары Кеңес армиясы қатарына шақырылып, Ұлы Отан соғысына және Жапон соғысына қатысқан.
1946-1948 жылдары Шымкент облысы Бостандық аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып тағайындалады.
1948-1953 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің геология факультетінде оқып, Қазақстан Ғылым Академиясының Геологиялық ғылымдар институтының аспирантурасын бітірген.
1953 жылы ғылыми еңбек жолын Қ.Сәтбаев атындағы Қазақстан Ғылым Академиясының Геологиялық ғылымдар институтында инженер болып бастаған.
1958 ж. кандидаттық, 1971 ж. – докторлық диссертациясын қорғады.
А.Абдулин 300 астам ғылыми еңбектер мен 10 монографияның авторы.
Қазақстан ғылымын дамыту жолында сіңірген еңбегі жоғары бағаланып«Қазақстанның Құрметті кен іздеушісі» атағы берілген, есімі Алматы қаласының Алтын кітабына енгізілген. Октябрь революциясы, 1-дәрежелі Отан соғысы, 2 рет Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет», «Отан» ордендерімен, Моңғол Халық Республикасының орденімен, көптеген медальдармен, Халықаралық геологиялық конгрестің алтын белгісімен марапатталған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы