Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Телеухан Нұралдаұлы Бияров 1949 ж. 1 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Еңбек ауылында дүниеге келген.
1967 ж. С. Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектебін бітірген.
1967-1972 жж. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің механика-математика факультетінде оқыған.
1973-1976 жж. Математикалық кибернетика мамандығы бойынша аспирантурада оқиды.
1976-1989 жж. оқытушы, аға оқытушы, доцент дәрежелерінде сабақ берді.
1989-2002 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Электронды есептеу машиналарын математикалық қамтамасыз ету және математикалық кибернетика кафедрасын басқарды.
2002-2008 жж. Қазақстан-Британ техникалық университетінің Информациялық технологиялар факультетінің деканы, Жоғарғы математика және кибернетика кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды. Профессор Т.Н.Бияров ғылымның бағыттарымен зерттеу жұмыстарын жүргізе білді: экономикалық кибернетика мен ақпараттық технологияның қолданбалы теориясын құру, халық шаруашылығын ақпараттандыру және компьютер технологиясын, экономикалық кибернетиканың тәсілі мен әдісін енгізу. Т.Н. Бияров 243 ғылыми еңбектің, оның ішінде 8 монографияның, 17 оқу-әдістемелік құралдың авторы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы