Биылғы жылы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы-ғалым, педагог Санжар Жапарұлы Асфендиаровтың туғанына – 130 жыл толып отыр. Ол 1889 жылы Ташкент қаласында белгілі қоғам қайраткері, Ресей армиясының полковнигі Сейітжапар Асфендиаровтың отбасында дүниеге келген. 1907 жылы жаратылыстану, математика пәндерін тереңдете оқытатын Ташкент реалдық училищесін бітірді. 1907-1912 жылдары Санкт-Петербургтегі әскери-медициналық академияда оқыған ол – тұңғыш қазақ дәрігерлерінің бірі болып, бірінші Дүниежүзілік соғыс жылдары майданда әскери дәрігер болып қызмет атқарды. 1919 -1924 жылдар аралығында Денсаулық сақтау, Жер ісі комиссариаттарында халық комиссары қызметін атқарды.

1927-1928 жылдары Мәскеуде Н.Н. Нариманов атындағы Шығыстану институтының директоры болып қызмет істеді. Осы жылдары Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры атағын алды.

1928-1931 жылдары Қазақстандағы Абай атындағы педагогика институтының құрылуына ат салысып аталған институттың алғашқы ректоры және тарих кафедрасының меңгерушісі болып қызмет істеді.

1931-1933 жылдары Ж.Асфендиаров Алматы медициналық институтының (қазіргі Қазақ Ұлттық медицина Университеті) ұйымдастырушысы және тұңғыш ректоры болды, сол жылдары көптеген жаңа кафедралар ашты, сонымен бірге халыққа ақысыз дәрігерлік көмек көрсету жұмысын жолға қойды.Ал 1989 жылы осы институтқа ғалымның аты берілді.

Санжар Асфендиаров Қазақстанның академиялық ғылымына да үлкен үлес қосты. 1931-1933 жылдары ол КСРО Ғылым академиясының Қазақстандық базасы төрағасының орынбасары болады. Қазақстан тарихы жөніндегі көптеген жұмыстың авторы болған ол, қазақ ұлтының мәдениеті жөнінде де мақалалар жазды.

Қазақтың білімді азаматтарының бірі болған – Санжар Жапарұлы Асфендиаров ана тілінен басқа орыс, ағылшын, француз, неміс, латын және шығыс халықтарының тілдерін еркін меңгерген. Тоталитарлық саясаттың құрбаны, жазықсыз жапа шеккендердің бірі болып 1937 тұтқындалып, 1938 жылы ату жазасына кесілді.

Санжар Асфендиаровтың туғанына – 130 жыл толуына арналған даталы күнге «Ғылым ордасы» РМК кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрмесіне ғалымның өмір жолы, атқарған қызметтері туралы ақпараттар, естеліктер және ғылыми еңбектері қойылды.

1931 жылы «Қазақстан» баспасынан шыққан «Шығыстағы ұлттық революциялық қозғалыстың тарихы», 1935 жылы жарық көрген «Очерки истории казахов», 1936 жылы басылған «Национальное освоводительное восстание 1916 г. В Казахстане» атты монографиялық еңбегі, 1935-1936 жылдары шығып, қайта басылған «Прошлое Казахстана в историях и материалах» атты еңбегінің 1-2 томдары, «Қазақстан тарихының очерктері», «История Казахстана: с древнейших времен» және т.б. материалдармен таныса аласыздар.

 Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы


блог333 1

“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы

gylymorda embl 


 Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo