Menu

Құрметті оқырмандар! Орталық ғылыми кітапхана демалыс және мереке күндерінен басқа, аптасына бес күн (дүйсенбі- жұма) сағат 09-00-ден 18-30-ға дейін және сенбі күні сағат 10-00-ден 17-00ге дейін оқырмандарды қабылдайды.Әр айдың соңғы бейсенбі күні тазалық күні. Кітапхана оқырмандарға қызмет көрсетпейді.

Ақышев Кемал 23 мамыр 1924 ж. Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. Археолог, тарих ғылымдарының докторы, қазақ археология ғылымының негізін қалаушылардың бірі.

1966ж.- ҚР ҒА Ш.Уәлиханов атындағы арнаулы сыйлықтың лауреаты.

1982ж.- Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алған.

1983ж.- Герман Археологиялық институтының корреспондент-мүшесі.

1989ж.- Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткері.

1998ж.- «Парасат» орденімен марапатталған.

1950ж. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген соң  Қазақстан ғылым академиясында аспирант, кіші және аға ғылыми қызметкер, кейін 1955-1990 жж. Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институты археология бөлімінің меңгерушісі, 1991ж. бастап Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының бөлім меңгерушісі, институттың бас ғылыми қызметкері болып қызмет атқарған. 1954 ж. бастап Қазақстан көлеміндегі Солтүстік, Оңтүстік және Жетісу археологиялық экспедицияларының ұйымдастырушысы және жетекшісі. Көне және орта ғасырлардағы Қазақстан ескерткіштерінің әлемдік маңызы зор Есік обасынан табылған «Аптын адам» (б.з.б.V-IV ғ.), Бесшатыр (б.з.б. VI-V ғ.), Отырар жәдігерлерін ашып зерттеді. Қола, ерте темір дәуірлерінің мәдениеттерін кезеңдеу және мерзімдеу мәселелерін анықтады. Көне Қазақстан тарихының негізгі түжырымдарын жасауға белсене қатысты. Орталық Азия өркениеті жүйесінде ежелгі Қазақстанның орнын айқындауға елеулі үлес қосты. 220-ға жуық ғылыми еңбек, соның ішінде 14 монография жазған.

«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында археолог, тарих ғылымдарының докторы Кемал Ақышевтың туылғанына 95 жыл толуына байланысты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде ғалымның өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері, еңбектері, ол туралы әдебиеттер мен естеліктер, халықаралық және республикалық марапаттары туралы мәлеметтер,мерзімді басылым беттерінде жарияланған ғылыми еңбектері мен мақалалары және оның редакциясымен шыққан әдебиеттер оқырмандар назарына ұсынылып отыр.

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" шжқ рмк бас директоры

Абубакирова Лейла Пернебайқызы

 


gylymorda embl 


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo

 

 

Жаңалықтар

  • Әбу Насыр әл-Фараби 1150 жыл

         Орталық ғылыми кітапхананың сирек қорында сақталған әл-Фарабидің құнды мұралары.  

    Read More
  • Абай Құнанбайұлы - 175 жыл

      Виртуалды тақырыптық көрме (ВИДЕО)  

    Read More
  • Ел тарихындағы елеулі оқиғалар

    Ел тарихындағы елеулі оқиғалар        

    Read More
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  • 32
  • 33
  • 34
  • 35
  • 36
  • 37
  • 38
  • 39
  • 40