Menu

Құрметті оқырмандар! Орталық ғылыми кітапхананың жұмыс кестесіне енгізілген өзгерістер туралы хабарлаймыз. Кітапхана демалыс және мереке күндерінен басқа, аптасына бес күн (дүйсенбі- жұма) сағат 09-00-ден 18-30-ға дейін оқырмандарды қабылдайды. Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты, кітапханада маска тағуды, қолдарыңызды антисептикалық құралдармен зарарсыздандыруды және ара қашықтықты сақтауларыңызды өтінеміз.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚазССР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Едіге Айтжанұлы Түркебаевтың туғанына 90 жыл. Едіге Айтжанұлы Түркебаев Алматы облысының Жалаңаш аулында 1929 жылы 10-сәуірде дүниеге келген.

  • 1943-1948 жж. Е.А. Түркебаев Қазақ тау кен-металлургия институтында студент болды.
  • 1951 ж. Москва болат және қоспалар институтын бітірді.
  • 1954-1957 жж. Москва болат және қоспалар институтының аспирантурасында оқыды.
  • 1957-1960 жж. Қарағанды химия-металлургия институтында жұмыс істеді.
  • 1961-1965 жж. Қарағанды металлургия комбинатында жұмыс атқарды.
  • 1976-1986 жж. Жоспарлау комитеті жанындағы Ғылыми – зерттеу экономикалық институтын басқарды.

Едіге Айтжанұлы ірі ғалым, металлургия саласында бірқатар монографиялар жазды, қара металлургияда оттегіні пайдалануды енгізген алғашқы мамандардың бірі болды.

Е.А.Түркебаев техника саласына қатысты ондаған ғылым кандидаттарын, бірнеше ғылым докторларын дайындады, сонымен өзі инженерлік экономика мектебін құрды.

Металлургия, металлургиялық және экономикалық ғылымдарды дамытудағы еңбегі үшін

Е.А. Түркебаевқа «Құрмет белгісі» ордені, «Еңбек ардагері» медалі және «Қазақстан Республикасы Ғылымға еңбегі сіңген қайраткері» атағы берілген.

Аталған іс-шараға байланысты «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге ғалымның өмірі мен шығармашылығына арналған әдебиеттер, ғылыми еңбектері, мерзімді басылымдардағы мақалалары және ол туралы жазылған естеліктер оқырмандарға ұсынылды.

 

              

 

 

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" шжқ рмк бас директоры

Абубакирова Лейла Пернебайқызы

 


gylymorda embl 

banner


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo

 

 

Жаңалықтар

  • Әбу Насыр әл-Фараби 1150 жыл

         Орталық ғылыми кітапхананың сирек қорында сақталған әл-Фарабидің құнды мұралары.  

    Read More
  • Абай Құнанбайұлы - 175 жыл

      Виртуалды тақырыптық көрме (ВИДЕО)  

    Read More
  • Ел тарихындағы елеулі оқиғалар

    Ел тарихындағы елеулі оқиғалар        

    Read More
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  • 32
  • 33
  • 34
  • 35
  • 36
  • 37