2018 жылдың 26 қарашасында М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мен "Ғылым ордасы" РМК ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті қаламгері, жазушы, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Баққожа Мұқаидың 70 жылдығына орай "Баққожа Мұқаи шығармашылығындағы ұлт болмысы" атты ғылыми - тәжірибелік конференция өтті.

Баққожа Мұқаи 1948 жылы 31 каңтарда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылында дүниеге келген. 1971 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - ды бітіргеннен кейін газет баспасында, "Білім және еңбек", "Жұлдыз" журналдарында және Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеген. Жазушы прозаларымен қатар оннан астам драмалық шығармалардың авторы. Олар театрларда қойылып, еңбектері көптеген тілдерге  аударылған. "Водоворот", "Белая птица", "Можжевеловый куст" атты еңбектері орыс тілінде жарық көрген.

Осы аталған іс - шараға Орталық ғылыми кітапхана жазушы шығармашылығына арнап кітап көрмесін ұйымдастырды. Конференция қонақтары көрмеден Б.Мұқаидың алғашқы "Жаңбыр жауып тұр" еңбегінен бастап, "Өмірзая", "Жалғыз жаяу" романдары, "Мазасыз маусым", "Дүние кезек", "Өмір арнасы", "Заманақыр" және т.б. еңбектерін көріп тамашалады. Көрмеден сонымен қатар Б.Мұқаидың өмірі мен шығармашылығы туралы замандастары мен қаламдастары жазған еңбектерді де көре аласыздар.

 

                 

 Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы


блог333 1

“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы

gylymorda embl 

banner


 Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo