Ұлы Жеңіс күніне орай «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханада кітап көрмесі ұйымдастырылды.

«9 мамыр - Жеңіс күні» атты бөлімге Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандықтар туралы Жеңістің 70 жылдығына арналған 3 томдық «Пламя Победы», «Жеңіс. Победа», «Салют Победы», «Летописцы Победы», «Весна Победы» атты соғыс мемуары және т.б. әдебиеттер қойылды. Келесі бөлімнен Ұлы Отан соғысы 1941-1945 жылдар, маршал И.Х. Баграмянның «Так начиналась война» мемуары, маршал Г.К. Жуковтың 3 томдық «Воспоминания и размышления» атты естеліктері және совет жауынгерлерінің көрсеткен ерліктері туралы көптеген әдебиеттермен таныса аласыздар.

«Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» атты бөлім сұрапыл соғыста от кешкен қазақ жауынгерлерінің ерлік істері туралы баяндайтын «Қазақ жауынгері Ұлы Отан соғысы майданында», «Казахстан в период Великой Отечественной Войны Советского Союза» атты 2 томдық құжаттар жинағымен басталды.

Совет Одағының батырлары Панфиловшы Бауыржан Момышұлы, екі мәрте батыр атағын алған ұшқыш Талғат Бигельдинов, Мәлік Ғабдуллин, Сағадат Нұрмағамбетов, Әлия мен Мәншүк, ұшқыш-жауынгер Хиуаз Доспанова туралы көптеген кітаптар қойылды.

Көрме биылғы жылы 100 жасқа толған атақты партизан-жазушы Қасым Қайсеновтың еңбектері мен ол туралы жазылған әдебиет басылымдарымен жалғасты.

Сонымен қатар «Есімдері ел есінде» атты бөлім еліміздің басына күн туғанда майданға аттанған академик-ғалымдар Б.Тулепбаев, А.Нүсіпбеков, А.Абдулин,  Ә.Қайдар, С.Бейсембаев, Ж.Сыдықовтарға және т.б. арналды.

 Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы


блог333 1

“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы

gylymorda embl 

banner


 Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo