2018 жылдың 16 наурызында М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты  әдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, Ұлы Отан соғысының ардагері Бисенғали Наурызбаевтың 100 жылдығына арналған «Ұлттық жаңғыру және жаңа заман әдебиетіндегі ұлттық қаһарман» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Б. Наурызбаев Батыс Қазақстан облысында дүниеге келіп, Астрахань педагогика училищесінде, Орал мемлекеттік педагогика институтында білім алған, 1955 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтының филология факультетін бітіріп шыққан. Бірнеше жыл партия органдарында  қызметте болып, 1963 жылдан бастап М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми хатшы, аға ғылыми қызметкер, директордың орынбасары, ғылыми кеңесші болып қызмет атқарады.

1963-1974 жылдары Б. Майлин творчествосын зерттеп, кандидаттық, докторлық диссертация қорғаған ғалым.

Аталған іс-шараға арнап РМК «Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасы ғалым еңбектерінен кітап көрмесін ұйымдастырды.

Кітап көрмесінен ардагер ғалым туралы жазылған Батыс Қазақстан энциклопедиясын, Атырау энциклопедиясын, Қазақ әдебиеттанушылары энциклопедиялық анықтамалығын, монографиялық еңбектері мен Б. Майлиннің өмірі мен шығармашылығы, жазушылық шеберлігі туралы жазылған зерттеулерін және мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалаларын көре аласыздар.

                  

 Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы


блог333 1

“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы

gylymorda embl 

banner


 Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo