2018 жылдың 14 наурызында «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында көрнекті тілші-ғалым, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Сейілбек Исаевтың туғанына 80 жыл толуына орай кітап көрмесі қойылды.
Сейілбек Мұхамеджарұлы 1938 жылы 13 наурызда Ресейдің Омбы облысы, Назыбай ауданы, Күреңғайыр ауылында дүниеге келген. 1957 жылы Омбы педучилищесін бітіріп, қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Оны үздік бітіргеннен кейін 1962-1968 жылдары Ұлттық Ғылым академиясының Тіл білімі институтында ғылыми қызметкер болып еңбек етті. 1968 жылдың басында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтында оқытушы, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі, факультет деканы, ал 1989 жылдың наурыз айынан бастап өмірінің соңғы күндеріне дейін қыздар педагогика институтының ректоры қызметін атқарды.
Профессор С. Исаев – терең де ұшқыр ойларын, өзіндік пікір-толғамдарын тіл білімінің қай саласында болса да көрсете білді. Ғалым тіл білімінің, жалпы түркітану саласының дамуына елеулі үлес қосқан. Қазақ әдеби тілінің қалыптасуын, тіл тарихымен қатар қазақ тілі грамматикасының теориялық мәселелерін зерттеп, іргелі ғылыми жобаларды іске асырған. Зерделі зерттеушінің ірілі-ұсақты жүз елуден астам ғылыми мақалалары, сондай-ақ қазақ əдеби тілінің тарихы, мерзімді баспасөз тілінің дамуына байланысты жазылған зерттеу еңбектері де бар. Көрмеге қойылған кітаптар легі де осындай ғылыми еңбектермен толықтырылды.
Жалпы көрме барысы С.Исаев жайында, оның өмір жолы, ғылыми еңбектері, мақалалары турасында болып, қонақтар назарына ұсынылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы