2018 жылы 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне арнап РМК «Ғылым Ордасы» Орталық ғылыми кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрмесінің басты мақсаты – қазіргі қоғамдағы әйелдердің рөлін, әйел-ана, әйел-әже екенін көрсету. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандық - бәрі әйел. Көрме барысы да осы сөзбен астасып жатады.
Көрмеден Ұлы даланың ұлы қыздары туралы әдебиеттерді, ғылымдағы, өнер әлеміндегі, қоғамның барлық саласында ерлермен бірдей еңбек етіп жүрген нәзік жандар жайлы жазылған әдебиеттерді көруге болады. Атаулы көрмені оқырмандар, РМК Орталық ғылыми кітапхана қызметкерлері қызығушылықпен тамашалады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы