2018 жылы 21 ақпанда Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жамбыл ауылындағы №2 орта мектепте Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Жүз жасаған бәйтерек» атты әдеби кеш және мектепте Жамбыл Жабаевқа музей ашу салтанаты болды. Осы іс-шараға арнап «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы «Ақ басты Алатаудың Жамбылымын» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрмеге ақынның 1937-1940 жылдары латын тілінде жарық көрген еңбектері, 1946 жылы Жамбылдың 100 жасқа толуына орай арнайы шығарылған академиялық толық жинағынан бастап, барлық шығармалары қойылды.

Көрмеге аудан мектептерінің басшылары мен мұғалімдері, ауданның білім жөніндегі басшысы, жергілікті әкімшіліктен қонақтар, мектеп оқушылары және Жамбыл ақынның туыстары мен жамбылтанушылар қатысты.

Мектеп мұғалімдері мен оқушыларының ұйымдастыруымен концерт көрсетілді.

 

                 

 Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы


блог333 1

“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы

gylymorda embl 

banner


 Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo