2018 жылдың 21 ақпанында «Ғылым ордасының» кино залында «Шығыс поэзиясы: Абай мен Нима, Мұқағали мен Орхан Вели» атты халықаралық поэзия кеші болды.
«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің Түрксой орталығы, Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы мәденит орталығы және Еуразия ғылыми - зерттеу орталығы бірлесіп ұйымдастырумен өткен кеш жоғары деңгейде өтті.
Іс-шараның мақсаты: Иран мен Түркияның жыр алыптары Нима мен Орхон Вели және қазақ поэзиясында өшпес із қалдырған Абай мен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, халық көңілін сусындатқан, тіршілікке тірек боларлық өмір шырағын, өмір жұпарын жырлайтын поэзиямен танысу.
Салтанатты жиынға қазақтың белгілі ақын-жазушылары, Алматы жоғары оқу орындары студенттері, шетелдік қонақтар мен ғылыми қызметкерлер мен кітапхана мамандары қатысты.
Кеш барысында: қазақ, орыс, парсы, түрік тілдерінде Нима мен Орхон Вели, Абай мен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар, арнау өлеңдер де оқылды.
«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы аталған іс-шараға кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрме парсы поэзиясы, түрік поэзиясы және Абайдан Мұқағалиға дейінгі поэзия бөлімдерінен тұрып, кітаптар легі қонақтар назарына ұсынылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы