2018 жылдың 16 ақпанында РМК Орталық ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясыныңакадемигі, ҚР Тұңғыш Президентінің мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының иегері, Қазақстандағы диалектикалық логика мектебінің негізін салушы Жабайхан Мүбәрәкұлы Әбділдиннің 85 жасқа толуына орай кітап көрмесі қойылды.
Жабайхан Мүбәрәкұлы Әбділдин1933 жылы16 ақпанда Павлодар облысыМай ауданыМайтүбекауылында дүниеге келген. 1954 жылы С.М. Киров атындағы Қаз МУ-дың философия-экономика факультетін бітірген.
Академик Ж.Әбділдиннің ғылыми еңбектері негізінен диалектикалық логиканың өзекті мәселелерін зерттеуге арналған. Соның ішінде, әсіресе, нақты ұғым, бастама мәселелерін терең зерттей отырып, олардың философиялық тарихы тұрғысынан негізделген диалектикалық анықтамасын жасады, логикалық және гносеологиялық функцияларына сипаттама берді. Оның басқаруымен диалектикалық логиканың категорияларын, заңдарын, принциптерін жан-жақты зерттеуге арналған ұжымдық монографиялар жарық көрді. Осы зерттеулердің нәтижесінде “Диалектикалық логика” аталатын 4 томдық іргелі еңбек дүниеге келді. Сонымен қатар диалектологияға байланысты тағы да 5 томдық және 13 томдық ғылыми еңбектерін атауымызға болады. Көрмеге қойылған кітаптар легі де осындай ғылыми еңбектермен толықтырылды.
Жалпы көрме барысы Ж. Әбділдин жайында, оның өмір жолы, ғылыми еңбектері, мақалалары турасында болып, Орталық ғылыми кітапхананың жас мамандарының назарына ұсынылып, таныстырылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы