2018 жылдың 31 қаңтарында Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, Орынбор облыстық «Халықтар достығы үйі» қоғамдық ұйымы (РФ) және «Қазақ тілі» Халықаралық қоғамының ұйымдастыруымен «Қазақстан мен Ресей: тату көрші және достық жолында» атты дөңгелек үстел болды. Отырыс барысында Ресей мен Қазақстанның шекаралық қарым-қатынастарының өзекті мәселелері талқыланып, Қазақстан және Ресей ғалымдарының баяндамалары тыңдалды. Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің «Ресей тарихы» кафедрасының доценті Т.И.Тугайдың «Оренбургский путь Ахмета Байтұрсынова» атты кітабының тұсаукесері өтті.
«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы аталған іс-шараға тақырыптық кітап көрмесін ұйымдастырды. Қазақстан мен Ресей арасындағы саяси, экономикалық, шекаралық, мәдени байланыстар, үлкен жиындардағы екі ел басшыларының кездесулері туралы құжаттардан көрме ғалымдар назарына ұсынылды.
Сонымен бірге Алаш Ұлттық-демократиялық қозғалысы жетекшілерінің бірі – Ахмет Байтұрсыновтың еңбектері мен ғылыми зерттеулерден көрме ұйымдастырылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы