«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында халқымыздың әдеби мұраларының бірі – «Дала уалаяты газетінің» орны ерекше, оның дүниеге келуі қазақ халқының өткен ғасырдағы мәдени өміріндегі елеулі оқиға болды. Газет бетінде қазақ елінің қоғамдық және саяси мәселелері, әдебиеті мен мәдениеті, тілі, сонымен бірге әйел тақырыбына арналған мақалалар, аударма нұсқалары, шығыстың классикалық әдебиетінен үзінділер жарияланып отырды.

«Дала уалаятының газеті» 1888-1902 жылдар аралығында  аптасына екі рет шығып, қазақтың тұңғыш ғалымы Ш. Уәлихановтың мақалаларын, классик ақын Абайдың өлеңдерін, Мәшһұр-Жүсіп Копеев, Ш. Құдайбердиевтің, Ә. Бөкейхановтың және т.б.еңбектері мен бірге олар туралы материалдарды да жариялап отырды. Сонымен бірге газетте жергілікті орындардың нұсқаулары, бұйрық, жарлықтары, яғни ресми материалдар орыс тілінен аударылып жарияланып  отырған. Газет қазақ халқының қоғамдық-әлеуметтік ой-пікірін оятуға, ұлт мәдениеті мен әдебиетінің негізін қалауға көмектесті. 

 

                     

 Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы


блог333 1

“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы

gylymorda embl 


 Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo