ҚР БҒМ ҒК Экономика институты құрылғанына 65 жыл толуына орай 17 қараша 2017 жылы «Жаһандық экономикадағы Қазақстан: жаңа жағдайлар мен сын-қатерлер» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Конференция жұмысына шетелдік және отандық ғалымдар, жоғары оқу орындарының басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, докторанттар мен магистранттар қатысты.
«Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасы Институт ғалымдарының 1952-2017 жылдар аралығында шыққан ғылыми еңбектерінен кітап көрмесін ұйымдастырды. Экономика институтының қалыптасуына үлкен еңбек сіңірген экономист-ғалымдар академик С.Б. Бәйішов, Т.А. Ашимбаев, А.Қ. Қошанов, С.Е Толыбеков, О.Б. Баймұратов, М.Б. Кенжегозин, О. Сәбден, Н.К. Нурланова және т.б. көптеген ғалымдардың монографиялары мен ұжымдық еңбектері қойылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы