«Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасы көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, филология ғылымдарының докторы, түркітанушы ғалым Мырзатай Жолдасбековтың 80 жасқа толған мерейтойына арнап ғалымның ғылыми еңбектерінен кітап көрмесін ұйымдастырды.

Мырзатай ЖолдасбековЖамбыл Жабаев шығармашылығын зерттеуге мол үлес қосқан ғалым. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі мен жыраулардың ақындық өнерлері туралы жазған көптеген зерттеулері ұлт мәдениетіне қосқан баға жетпес құнды еңбек болып табылады. Түрік қағанаты кезіндегі Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін қазақ ғалымдары арасында алғашқылардың бірі болып жаңаша зерделеп, қазақ тіліндегі аудармасын ғылыми айналымға енгізді.

Ғалым республикадағы университтетерде ректорлық, министрліктерде жоғары лауазымдағы қызметтерді абыроймен атқарды.Көптеген Мемлекеттік наградалардың иегері болды.

Қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков Қазақстанның Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін де абыроймен атқарды. Көрмеден ғалымның ғылыми еңбектері және ол туралы жазылған материалдармен танысуға болады.

                      

 Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы


блог333 1

“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы

gylymorda embl 

banner


 Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo