2017 жылы шілде айының 20 күні сағат 10.00-де ҚР БҒМ ҒК М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Қолжазба және текстология» ғылыми-инновация бөлімі мен ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы бірігіп, Алаш қозғалысының 100 жылдығына және белгілі библиограф Ү.Субханбердинаның 90 жылдық мерейтойына арналған «Үшкөлтай Субханбердина және Алаш баспасөзі» атты дөңгелек үстел өткізеді.

 

Ғылыми жиында М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері Т.Әлбеков Үшкөлтай Субханбердинаның шығармашылық жолына, «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапхана меңгерушісі Қ.Қаймақбаева өмірбаянына тоқталса, келесі сөйлеушілер «ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ баспасөзі», «Алаш және «Қазақ» газеті», «Ү.Субханбердина және ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ газеттері», «Ү.Субханбердина және қазақтың дастандық эпосы», «Ү.Субханбердина және әдеби мұралар», «Айқап» журналы және ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақтың саяси-әлеуметтік мәселелері» жайында сөз қозғап, ол жөнінде «Ежелгі дәуір және Орта ғасырлар әдебиеті» бөлімінің меңгерушісі, филол. ғ.к. С.Қосан, жетекші ғылыми қызметкерлер филол.ғ.к. Қ.Алпысбаева, филол.ғ.к. П.Әуесбаева, филол.ғ.к. Ж.Рақыш, ғылыми қызметкерлер: Н.Мурсалимова, Н.Елесбай өздерінің ой-пікірлерімен бөліседі.

Дөңгелек үстелдің модераторы Т.Әлбеков қазақ әдебиеттануының соны табысын айғақтайтын әрі тың қадам болып табылатын «Айқап» бетіндегі мақалалар мен хат-хабарлар жөнінде, ұлтымыздың сан қатпарлы рухани және қоғамдық даму белестерімен сабақтас баспасөз тарихының бастапқы және кейінгі асыл арналарын зерделеп, ғылыми шежіресін екшей отырып библиографиясын түзудегі Ү.Субханбердинаның құнды кітаптары да кеңестік саясат ызғарына ұшырап, ұлттық мүддеге терең тамыр тартатын тың ізденістері тоталитарлық жүйе тезіне алынғаны жайында тоқталса, П.Әуесбаева Ү.Субханбердинаның төңкерістен бұрын жарық көрген қазақ кітаптарының библиографиясын жасауда Мәскеу, Қазан, Ташкент, Орынбор, Уфа, Алматы қалаларындағы ғылыми кітапханаларындағы сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорында сақталған қазақ кітаптарының фотокөшірмелерін және микрокөшірмелерін түсіріп алуда маңызды да кемел істер атқарғаны жөнінде, Ж.Рақыш Үшкөлтай апай жинаған классикалық Шығыс тақырыбына жазылған қазақ қисса-дастандарын, шығыстық сюжетке құралған поэмаларын анықтай отырып, «Бозжігіт», «Сейфүлмәлік», «Көрұғлы», «Ләйлі-Мәжнүн», «Мұңлық-Зарлық», «Шәкір-Шәкірат», «Жүсіп- Зылиха», «Таһир-Зуһра» сынды кітап болып басылған нұсқалардың қолжазбалары мен басылу тарихы туралы ой толғайды.

Ү.Субханбердина дайындап, жарыққа шығарған қазақтың тұңғыш газеті мен журналдары дерек көз ретінде талдауда, ондағы мәліметтерді тарих дерегі ретінде қарастыруда және мазмұндалған библиографиялық көрсеткішінің алар орны ерекше екендігін айтуымыз керек.

Дөңгелек үстел аясында Үшкілтай Субханбердинаның шығармашылығына арналған кітап көрмесі қойылады.

Дөңгелек үстел 2017 жылдың 20 шілдесінде «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының мәжіліс залында өтеді

(Алматы қ., Шевченко, 28, 3-қабат).

Басталуы сағат 10.00-де.

Байланыс телефондары:

8 (727) 272-74-11

8 (727) 272-83-41

8 (727) 261-02-70;

Факс: 272-79-83

e-mail:info@litart.kz

        

 

Nazarbaev 2017

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы

"Ұлы даланың жеті қыры"


Ruhani zhangyru 001

 

блог333 1

“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы

gylymorda embl 


 Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo

 

 

NEW1

БІЗ  ӘЛЕУМЕТТІК  ЖЕЛІДЕМІЗ !!!


QR Ortalyq GK


 

ОРТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАНЫҢ ТОЛЫҚ МӘТІНДІ ЭЛЕКТРОНДЫҚ РЕСУРСТАРЫ


«ҒЫЛЫМ ОРДАСЫ» РМК ОРТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КIТАПХАНАСЫНЫҢ

ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГЫ

5 ElektronnaiaBiblioteka


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ БАСЫМДЫ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫ ҒЫЛЫМИ РЕСУРСТАР


ЭЛЕКТРОНДЫ ҒЫЛЫМИ РЕСУРСТАР АШЫҚ ҚОЛ ЖЕТІМДІЛІКТЕ




 


БАННЕРЛЕР


ҚҰЖАТТАРДЫ

GO2

ЭЛЕКТРОНДЫ ЖЕТКІЗУ

 


ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ