85 жыл

8 ақпан күні сағат 1100-де Орталық ғылыми кітапханада Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі Тоқтар Әбдірахманұлы Бейісқұловқа арналған «Қазақстан ғылымының көрнекті қайраткерлері» ғылыми-ғұмырнамалық сериясы бойынша кітаптың тұсаукесеріне шақырамыз.

Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28.

Тоқтар Әбдірахманұлы Бейісқұлов 1932 жылғы 15 қаңтарда Алматы облысы Алакөл ауданының (бұрынғы Талдықорған облысы Үйгентас ауданының) Қарлығаш ауылында дүниеге келген.

Бастауыш мектепті 1941 ж. Төңкеріс ауылында бітіреді, Фурманов (Есалы) ауылында жетіжылдық мектепте оқиды. 1956 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) филология факультетін, 1966 жылы Мәскеу Жоғары партия мектебінің журналистика бөлімін тәмәмдайды. 1957 жылы желтоқсанда Талдықорған облыстық комсомол комитетінің комсол ұйымдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары және бюро мүшесі қызметіне бекітіледі.

1962-1964 жылдары Т.Ә. Бейісқұлов Алматы облыстық партия комитетінде нұсқаушы және лекторлар тобының жетекшісі болып жұмыс істейді. Оның бұдан кейінгі он сегіз жыл өмірі радио мен телевизия саласына арналды. Жоғары партия мектебін бітіргеннен кейін ол – Алматы облыстық радио және телевизия басқармасы бастығының орынбасары, одан кейін Бас редакция болып қайта құрылған редакцияның аға редакторы, одан соң Бас редакторы болып тағайындалады.1973 жылы қазанда жоғарылатылып, қазақ КСР Телевизия және радиохабары мемлекеттік комитетінің Жергілікті телевизия және радиохабары Бас редакциясының Бас редакторы және коллегия мүшесі қызметіне бекітілді. 1980 жылдың бас кезінен 1984 жылдың сәуір айына дейін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің телевизия және радио секторының меңгерушісі қызметін атқарды. Сол 1984 жылғы сәуірден 1991 жылдың аяғына дейін Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы баспасөзде мемлекеттік құпияны сақтау жөніндегі Бас басқарма бастығының орынбасары болды. Сол жылы желтоқсан айында, бір айы жетпесе де, ерекше еңбегі үшін республикалық дәрежедегі дербес зейнеркерлікке шықты.

Қаламгердің ғылыми-шығармашылығының үлкен бір саласы – қазақтың классик жазушысы, алыптар тобының ардақтысы, нақақтан атылып кеткен Бейімбет Майлиннің, оның отбасының бастан кешкен хикметін зерделеу, көпшілікке жеткізу. Бұл іске 40 жылға жуық өмірін арнады. 1970 жылы журналистік зерттеуден басталған бұл жұмыс ұзаққа созылды. Міне, осы бағытта бірсыпыра жұмыстың басы қайырылды. «Б. Майлин – публицист» (1979 ж.), «Қанатты қаламгер» (1983 ж.), «Дарын даралығы» (1994 ж.), «Бейімбетті атқан кім?» (2000 ж.) еңбектері жарық көрді, «Би аға» естеліктер жинағын құрастырып шығарды. Автордың талай жылғы ізденісінің арқасында «Қилы заман азабы» (2003 ж.) кітабы шықты. 2005 жылы «Бейімбет Майлин және ұлт өнері» атты деректі-публицистикалық эссесі баспадан жарық көрді.

Қалтасы қалың бизнес болмаса да туған ауылы Қарлығаштан 1941-1945 ж.ж. қан майданға қатысқан 91 адамның аттарын қашап жазғызып ескерткіш орнаттырған.

Т.Ә. Бейісқұлов 1997 жылы «Бейімбет Майлин – сыншыл публицист» деген тақырыпта диссертация қорғап, филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. Ол Республика Әлеуметтік ғылымдар академиясының 2001 жылғы 30 шілдедегі жалпы жиналысының шешімімен Әлеуметтік ғылымдар академиясының құрметті мүшесі болып сайланды. 2003 жылдан әл-Фараби атындағы ҚҰУ журналистика факультетіндегі диссертациялық кеңестің мүшесі болды.

Т.Ә. Бейісқұловтың жарыққа шыққан кітаптары:

  1. Әкелер даңқы жолымен. Публицистика. 1973, 4,55 баспа табақ.
  2. Кеудесін оққа тосып. 1975, 2,1 б.т.
  3. Б. Майлин публицист. 1979. 2,51 б.т.
  4. Қанатты қаламгер (Б. Майлин). 1983, 8,12 б.т.
  5. Би аға (естеліктер жинағы). 1991, 15,96 б.т.
  6. Біздің ауыл Үшқайың. 1993, 7 б.т.
  7. Желтоқсан ызғары (1986 жылғы көтеріліс жайында деректі-публицистикалық зерттеу-толғау). 1994, 10,9 б.т.
  8. Дарын даралығы (Б. Майлин). 1994, 7,53 б.т.
  9. Сарбиік сағасында (публицистикалық толғау). 1995, 5,88 б.т.
  10. Қоштаспаймын, махаббат! Эпистолярлық повесть. 1999, 6,5 б.т.
  11. Қаза мен аза. Роман-эссе. 2000, 25 б.т.
  12. Бейімбетті атқан кім? 2000, 10 б.т.
  13. Толғауы тоқсан тағдыр. Деректі-публицистикалық толғау. 2000, 7 б.т.
  14. Үйгентас өңірі. Деректі-публицистикалық толғау. 2001, 11,5 б.т.
  15. Таңшолпан жарқырап туды. Өткен күнде белгі бар. 2002, 10,75 б.т.
  16. Қилы заман азабы. Бейімбет Майлин өмірі. 2003, 22 б.т.
  17. Майлышат. Деректі-публицистикалық толғау. 2003, 7,5 б.т.
  18. Бейімбет Майлин және ұлттық өнер. 2005, 7,4 б.т.
  19. «Сарыарқа саңлағы» кітабына ғылыми редактор: 2007, 20 б.т.
  20. Бестомдық жинағы. 2008 ж.
  21. Жанталас өмір. 2009 ж., 17,2 б.т. 

 

 

 

БІЗ  ӘЛЕУМЕТТІК  ЖЕЛІДЕМІЗ !!!


QR Ortalyq GK


 

ОРТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАНЫҢ ТОЛЫҚ МӘТІНДІ ЭЛЕКТРОНДЫҚ РЕСУРСТАРЫ


«ҒЫЛЫМ ОРДАСЫ» РМК ОРТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КIТАПХАНАСЫНЫҢ

GO2

ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГЫ


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ БАСЫМДЫ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫ ҒЫЛЫМИ РЕСУРСТАР


ЭЛЕКТРОНДЫ ҒЫЛЫМИ РЕСУРСТАР АШЫҚ ҚОЛ ЖЕТІМДІЛІКТЕ




 


БАННЕРЛЕР


ҚҰЖАТТАРДЫ

GO2

ЭЛЕКТРОНДЫ ЖЕТКІЗУ

 


ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ