85 жыл
«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012-2014 жж. гранттық жобасымен «Айқап» журналы 1911-1915 жж.» атты басылымның тұсау кесер рәсімі 15 желтоқсанда өтті.
ХХ ғасырдың бас кезінде, яғни 100 жылдық тарихы бар 1911-1915 жылдар аралығанда шығып тұрған «Айқап» журналы халқымыздың әлеуметтік, саяси өмірінде елеулі рөл атқарды. Өз кезеңінде журнал халқымыздың бүкіл тіршілік-болмысын, экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайын, әдебиеті мен мәдениетін, өнері мен білімін жетілдіруді жан-жақты жазумен бірге, осы бағытта үлкен түсіндірушілік, насихат жұмыстарын жүргізді, қоғамымызды ілгері байытуға зор үлес қосты. Журнал Троицк қаласында «Энергия» баспаханасында жазушы-журналист Мұхамеджан Сералиннің редакторлығымен жарық көрді.
Осы басылымды аударып басып шығарудағы басты мақсаты. Біріншіден, ХХ ғасырдың басынан 30-жылға дейінгі аралықта қазақ мерзімді басылымдарының араб әрпінде басылуы араб графикасын білмейтін көптеген зерттеушілердің газет-журналдардағы материалдарды қолдануына қиындықтар туғызды. Екіншіден, 100 жылдық тарихы бар «Айқап» журналының сапасы күннен күнге нашарлап барады. Оған себеп журнал қағазының жылдар өткен сайын, әрі күнделікті зерттеуші ғалымдардың қолдануынан ескіруі. Кейінгі ұрпаққа сол қалпында жеткізуіміз үшін біз араб графикасында шыққан журналдардың факсимилелік нұсқасын аудару. Үшіншіден, басылымды гуманитарлық сала мамандарына барлық зерттеушілердің қол жеткізер басылымға айналдыру.
Іс-шараға еліміздің ғалымдары мен зерттеушілері қатысып, өз пікірлерін білдіріп, құттықтауларын жеткізді. ҚР БҒМ ҒК«Ғылым ордасы» РМК бас директордың ғылым және халықаралық байланыс жөніндегі орынбасары Сейдін Нұрлан Бақытжанұлы ашылуымен құттықтап, ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Ғылыми кітапханасының меңгерушісі Қаймақбаева Қарлығаш Ескендірқызы баяндама жасады. Одан соң сөз кезегі басылымның құрастырушысы, т.ғ.д. С.О.Смағұловаға, филол.ғ.д. Белгілі ғалым, Алматыдағы «Арыс» баспасының директоры, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президентіҒарифолла Әнеске берілді. Жоба тарихы, құрастырудағы қызықшылықтар мен қиыншылықтары жайында баяндалды. Осы кітаптардың тұсаукесеріне арнайы қонақ болып құттықтап келген ғалымдарымызға да үлкен рақметімізді айтамыз. Мәселен, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, профессор Әбжанов Ханкелді Махмұтұлы, филол.ғ.к., доцент, М.О. Әуезов атын. Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері Әлібеков Тоқтар Кесімұлы, т.ғ.к., Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директордың орынбасары Атығаев Нұрлан Әділбекұлы.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
«ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ»
“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты