2018 жылдың 21 ақпанында «Ғылым ордасының» кино залында «Шығыс поэзиясы: Абай мен Нима, Мұқағали мен Орхан Вели» атты халықаралық поэзия кеші болды.

«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің Түрксой орталығы, Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы мәдениет орталығымен  ұйымдастырумен өткен кеш жоғары деңгейде өтті.

Іс-шараның мақсаты: Иран мен Түркияның жыр алыптары Нима мен Орхон Вели және қазақ поэзиясында өшпес із қалдырған Абай мен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, халық көңілін сусындатқан, тіршілікке тірек боларлық өмір шырағын, өмір жұпарын жырлайтын поэзиямен танысу.

Салтанатты жиынға қазақтың белгілі ақын-жазушылары, Алматы жоғары оқу орындары студенттері, шетелдік қонақтар мен ғылыми қызметкерлер мен кітапхана мамандары қатысты.
Кеш барысында: қазақ, орыс, парсы, түрік тілдерінде Нима мен Орхон Вели, Абай мен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар, арнау өлеңдер де оқылды.

«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы аталған іс-шараға кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрме парсы поэзиясы, түрік поэзиясы және Абайдан Мұқағалиға дейінгі поэзия бөлімдерінен тұрып, кітаптар легі қонақтар назарына ұсынылды.

      

 

 

 

2018 жылдың 16 ақпанында М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты және «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен әдебиеттанушы-ғалым, сыншы, шежіреші, ҚР ҰҒА Ш.Ш. Уалиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор Әбділхамит Қуанұлы Нарымбетовтың 90 жылдық торқалы тойына арналған «Рухани жаңғыру және жаңа заман әдебиетінің көркемдік поэтикасы» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

                        

Толығырақ: Ұлттық жаңғыру және жаңа заман әдебиетінің көркемдік поэтикасы

Ақпан айының 9-шы жұлдызы қазақ поэзиясының хантәңірі - Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы жастарының ұйымдастыруымен "Жырлайды жүрек" атты әдеби сазды кеш өтті.

Мұқағали Мақатаев дүйім қазаққа таныс, ешқандай анықтаманы қажет етпейтін тұлға. Біз, яғни жастар ол кісіні көрмесек те, оның өлеңдерін оқып өстік, тебірендік. Ақын туралы естеліктер болса, қолымызға тигенін оқыдық.

Туылған күнге ұйымдастырылған кешке бірнеше кітапхана қызметкерлері белсене қатысып ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқып, арнау айтып және сахналық көріністер көрсетіп белсене қатысты. Біздің Орталық Ғылыми кітапхана жастары да Мұқағали атамызға арнау оқып, өлеңдерін жатқа айтып, бейнебаян жасап өнерлерін ортаға салды.

      

Назарбаев Н. Ә.

      Тәуелсіздік дәуірі. - Астана, 2017. - 508 б.- ISBN 978-601-06-4715-2

ӘОЖ 323(574)

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты бұл кітабы тарихи публицистика жанрында жазылған, ол еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады. Егемен мемлекеттің негізі қаланған күннен бастап оның қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері мен 26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы сын-қатерлерді еңсеруге байланысты қабылданған шешімдердің мән-мазмұны мен тетіктері егжей-тегжейлі баяндалады.

Кітапта «қазақстандық даму үлгісінің» табиғаты мен оның эволюциясы, басты ұстанымдары мен қозғаушы күштері сараланған. Қазақстанды жаңғыртудың үш толқыны кеңінен ашып көрсетілген. Бірінші және екінші жаңғырту аясында тоталитарлық жүйеден түбегейлі ажырап, нарықтық экономиканы құру және бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына қосылу міндеті мерзімінен бұрын орындалды. Үшінші жаңғыртудың мақсаты - елімізді қалыптасқан жаңа жаһандық ахуал жағдайында жаңғырта отырып, әлемдегі ең өркенді 30 мемлекеттің қатарына қосу.

«Тәуелсіздік дәуірі» отандық және шетелдік қалың оқырман қауымды қызықтырар туынды.

Бүгін  Орталық ғылыми кітапханада  отбасы хрестоматиясы сериясында жарық көрген "Яссауи феномені"  және де Санжар Керімбай ағамыздың "Өмірге ғашық болу"  атты кітабының тұсаукесері өтті. Кітапта Қожа Ахмет Яссауи жайлы тың қисса-аңыздар енгізілген. Хикметтері экзистенциялық формада жаңаша талданады. Ислам мен түркі мәдениетінің өзара синтезге түсіп, Түркі -Ислам өркениетінің қалыптасу жолдары баяндалады. Яссауи ілімі мен дүниетанымы жайлы толғанады. Кездесу барасында оқырмандар жаңа кітап жайлы ғана емес, өздерінің бала тәрбиесі мазалап жүрген сұрақтарына жауап алды. Санжар ағамыз сөз соңында  мәдениет, үлгі-өнеге, тарих, дәстүр, сияқты рухани құндылықтарды ұмытпауға шақырды.

       

2018 жылдың 29 қаңтар күні  Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Жастар кеңесі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын қолдай отырып, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» атты Алматы қ. кітапхана саласының мамандары арасында волейболдан  ұйымдастырған жарыс өтті. Орталық ғылыми кітапхананың атынан "Сұңқар" тобы қатысты. Топ құрамы толықтай дерлік кітапхана мамандарынан құралды. Жарыс жақсы өтіп, барлық кітапханалар мақтау қағаздарымен марапатталды. 

         

 

Nazarbaev 2017

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы

"Ұлы даланың жеті қыры"


Ruhani zhangyru 001

 

блог333 1

“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы

gylymorda embl 


 Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo