Menu

"Ғылым ордасы" РМК Орталық ғылыми кітапханасында техника ғылымдарының докторы, Қазақ ССР Ғылым академиясының Президенті, академик, ширек ғасыр Қазақстан Республикасының бірінші басшысы болған Мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Д.А.Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында дүниеге келген.

1931 жылы Мәскеудегі Түсті металдар және алтын институтында оқуға қабылданып, 1936 жылы тау-кен инженері мамандығын алған ол  еңбек жолын Балхаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат кенішінде қарапайым жұмысшыдан бастады. Мұнда бұрғылау станогының машинисінен  рудник директорына дейінгі жолдан өтті.

1939 жылы Д.А.Қонаев Шығыс Қазақстан облысында жаңадан құрылып жатқан Кенді Алтай қорғаныс кәсіпорнына қызметке ұсынылып, Риддер руднигі және Лениногор кен басқармасының директоры болды. Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдары майданның Қазақстандық арсеналының жауапты учаскелерінде қызмет атқарды. Соғыс жылдары Д.А.Қонаевтың саясаткер болып қалыптасу кезеңі басталып, мемлекеттік лауазымды қызметтерге тартылды.

Ал ғылымға деген құштарлығы арқасында өз мамандығы бойынша кандидаттық және докторлық диссертациясын қорғады. Диссертация негізінде «Қоңырат руднигіндегі бұрғылау-жару жұмыстары», «Қоңырат мыс кенін қазу » атты ғылыми еңбектері жарық көрді.

1952 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі болып сайланып,1952-1955 жылдары Президенті қызметін атқарды.

1960 жылы Д.А.Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. Ұзақ жылдар Республиканы басқарған Д.А.Қонаевтың басшылығымен қазақ даласында көптеген қалалар салынып, автокөлік жолдары, темір жол, әуе жолы инфрақұрылымы дамыды, колхоз, совхоздар елдің дамуына үлкен үлес қосты.Кітап көрмесіне  заңғар тұлғаның Қазақстан ғылымының дамуы, Республиканың өркендеуіне байланысты жазылған еңбектері, баяндамалары қойылды.Сонымен қатар өзімен қызметтес болған әріптестері мен замандастарының естеліктерін оқырмандар назарына ұсынып отырмыз

 

 

 Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы


gylymorda embl 

banner


 Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo