Әбсаттар қажы Дербісәлі "Әбу Насыр әл-Фараби - Ұлы даланың дара тұлғасы".
Алматы: Қазақ университеті, 2020. - 420 б., сур.
ISBN 978-601-04-4326-6
Әбсаттар қажы Дербісәлі біраз жылдардан бері Ұлы даланың дара тұ- ғасы Әбу Насыр әл-Фараби және даламыздың өзге де ойпаздарының жазба мұрасын іздеп тауып, зерттеп, ғылыми айналымға енгізумен айналысып келеді. Ол Түркия, Испания және т.б. елдердің кітапхана қорында сақтаулы Әбу Насырдың араб, түрік, ағылшын, француз тілдеріндегі жүзден астам еңбегін саралап, бірқатар трактаттарын ой елегінен өткізіп талдады. Ортағасырлық араб тарихшы-шежірешілері: Джамал ад-дин әл-Қифти, Ибн Әби Усайбиға, Ибн Халликанның Әбу Насыр жайлы жазба деректерін араб тілінен қазақ тіліне аударды.
Жинаққа шығыстанушы-ғалымның даланың дара перзенті жайлы ұзақ жылғы ізденістен туған қазақ және орыс тілдерінде әр жылдары жазған мақалалары мен ой-толғаныстары, сондай-ақ өзге ортағасырлық отыздан астам Отырар ойшылдарының өмір жолы мен еңбектерін зерделеген толғамдары енгізілген.
Кітап көпшілік оқырманға арналған.
Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана
Музей литературы и искусства имени Бухар жырау
Антиплагиатная система Strikeplagiarism.com