Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Х. Асылбековке - 90 жыл Мәлік-Айдар Хантемірұлы Асылбеков 1929 жылы қаңтардың 15 жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылқұм ауданы Шардара ауылында дүниеге келген.

Шымкент қаласындағы қазақ орта мектебін бітіргеннен кейін облыс орталықтарындағы мектептерде мұғалім болып еңбек жолын бастады.1949 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің тарих факультетіне түсіп, оны 1954 жылы бітіргеннен кейін білім беру саласында әр түрлі қызметтерде болды. 1958 жылы ҚазССР Ғылым академиясы Тарих, археология және этнография институтына кіші ғылыми қызметкер болып орналасты. Ғылым жолына келген М.Х. Асылбеков институтта әр түрлі қызметтерді атқара жүріп Қазақстан темір жолдарындағы жұмысшы кадрларының қалыптасуы, дамуы жөнінде кандидаттық және докторлық диссертацияларын қорғады. Ал 1983 жылы Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент мүшесі болып сайланып, профессор атағы берілді. 1994-2002 жылдары ҚР Тарих және этнология институтының этнология бөлімің меңгерушісі қызметінде болды. 2003 жылы Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі болып сайланды.

Мерейтойлық көрмеге ғалымның өмірі мен шығармашылығына арналған әдебиеттер, ғылыми еңбектері, мерзімді басылымдардағы мақалалары және замандастары академиктер - М. Қозыбаев, С. Зиманов, Б. Төлепбаев, А. Нүсіпбековтер туралы жазған естеліктері де қойылды.

 

                 

 

Nazarbaev 2017

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы

"Ұлы даланың жеті қыры"


Ruhani zhangyru 001

 

блог333 1

“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы

gylymorda embl 

banner


 Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo