28 қыркүйек Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен ҚР ҰҒА академигі, Халықаралық Шыңғыс Айтматов академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, ҚР БҒМ Ш.Уалиханов атындағы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген мемлекет және қоғам қайраткері Қалижанов Уалихан Қалижанұлының 70 жасқа толуына арналған «Тілегім де, тірегім де, жүрегім де бір өзіңсің – туған ел» атты ғылыми-шығармашылық кешін өткізді.

Іс-шара барысында «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапхана ғалымның мерейтойына арнап кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеден Уалихан Қалижанның журналистік, жазушылық, ғалымдық, қайраткерлік еңбек жолы туралы жазылған әдебиеттер, монографиялары мен ғылыми мақалалары және оның редакциясымен шыққан әдебиеттерді көре аласыздар.