1994 жылы Қазақстан Республикасы парламенті отырысында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс жасады. 1997 жылы 20 қазанда астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгерді. 1998 жылы маусымның 10-да жаңа елорданың халықаралық тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл күн 2006 жылға дейін астананың туған күні ретінде бекітіліп, осы жылдан бастап шілденің 6 Елорда күні ретінде атап өтіледі.
Астана – Қазақ елі болашағының каласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы. Астанамыздың құрылысы - мемлекетіміздің жасампаздықка ұмтылысының, бүкіл қоғамымыздың жаңаруының ерекше символына айналған кұбылыс.
Астананың 20 жылдық мерейтойына орай «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы «Астана – Елбасының ерлігі» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрмеден елорданың өткені мен бүгінінен сыр шертетін, Астананың қазіргі келбетін баяндайтын әдебиеттерді көре аласыздар.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
«ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ»
“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты