Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, публицист, фольклортанушы ғалым Халел Досмұхамедовтың туғанына – 135 жыл толуына орай «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.
Сан ғасырлық тарихымыздың ең жарқын беттерінің бірі — Алаш қозғалысы. Ол қазақ баласының даму жолын жаңа арнаға бұрып, ендігі тұста ұлт ретінде дербес өмір сүруге, өзгелермен терезесі тең халық ретінде күн кешуге болатындығына əлеуметті сендіре отыра жаңа жол көрсетті. Айрықша күрделілігімен, сансыз оқиғаларының сапырылысымен, ұлттық сананың оянуымен ерекшеленген осы кезде, Алаш ұранын көтеріп, исі қазақ баласын азаттыққа бастаған зиялылар ұлтының қамы үшін ең бір есте қаларлық тағылымы мол жұмыстарды атқаруға белдерін бекем буған болатын.
Ұлт зиялыларының елінің ертеңі үшін аянбай еңбек еткен көрнекті өкілдерінің бірі де бірегейі XX ғасыр басындағы дүрбелеңнің бел ортасында жүріп, туған халқының көкірегіне сəуле құюды армандаған, ел көсегесінің көгеруін басты мақсат тұтқан қазақ халқының асыл перзенті, зерделі өкілі, қажырлы қайраткері Х. Досмұхамедұлы жұртына көп жұмыс істеп, еңбек сіңірген біртуар азаматтарымыздың бірі. Мамандығы дəрігер бола тұрса да, ол қоғам өмірінің сан салалы мəселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси жəне қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, əдебиетші, ауыз əдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы.
Көрме Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметінің тарихынан бастау алып, Алаштың асыл арысы – Халел Досмұхамедұлының ғылыми-ағартушылық, педагогикалық мұрасы туралы басылымдарымен толықты.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
"Ұлы даланың жеті қыры"