Халық батыры, 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы Амангелді Имановтың туғанына – 145 жыл толуына орай РМК Орталық ғылыми кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.
Амангелді Иманов әкесінен жеті жасында жетім қалып, жоқшылық тауқыметін ерте тартқан. Ел ішіндегі дау-шарға ерте араласқандықтан, Ресей империясының жергілікті билеушілерінің қудалауына ұшырап, бірнеше рет түрмеге қамалған. Патшаның отарлық саясаты, Бірінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңында елдегі алым-салықтың көбеюі, Қазақстан, Орта Азия, Сібір бұратана халықтарын тылдағы жұмысқа алу жөніндегі патшаның 1916 жылғы Жарлығы Торғай қазақтарының ашуын туғызып, бас көтеруіне себепші болды. Амангелді Имановтың қолбасшылық, ұйымдастырушылық қабілеті осы көтеріліс барысында айқын көрінді. Ол өзінің ақыл-парасаты, табандылығымен, қайсарлығымен көтерілісті баса білді.
Көрме барысында оқырмандарға 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы, Амангелді Имановтың өмірі мен ерлікке толы ғұмырынан сыр шертетін әдебиет басылымдары ұсынылды.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
«ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ»
“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты