2018 жылдың 10 сәуірінде РМК "Ғылым ордасы" ғимаратында Қазақстан Республикасы Ғылым қызметкерлері күніне арналған салтанатты мәжіліс өтті. Мәжіліске Қазақстанның белгілі ғалымдары, жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың, ұлттық және ұжымдық қолданыстағы инженерлік зертханалардың басшылары, жас ғалымдар мен өзге де қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Аталмыш іс-шара барысында ғылымның дамуына зор үлес қосқан ғалымдарға ҚазақстанРеспубликасының Білім және Ғылым Министрлігі марапаттарын, құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыстау рәсімі болды.
"Ғылым ордасы" Орталық ғылыми кітапxанасы осы іс-шараға арнап кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш Президенті, Қазақстан металлогения мектебінің негізін қалаушы академик Қаныш Сәтбаевтың өмір жолы, ғылыми еңбектері, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Жолдауы, Тәуелсіздіктің 26 жылдық дәуірі баяндалып, тарихи публицистика жанрында жазылған «Тәуелсіздік дәуірі»,«Эра Независимости», «Казахстан-2050:к новым высотам», «Устойчивое развитие экономики Казахстана в условиях глобализации», «Устойчивое экономическое развитие и социальная модернизация в Казахстане», «Интеллектуалды экономика – ХХІ ғасырдың технологиялық жаңғыруы», «Развитие инновационной системы Казахстана», «Качество образования в мире и в Казахстане», «Қазахстанский путь к Лидерству» және тағы да басқа еліміздің өркендеуіне Қазақстан ғалымдарының әр жылдардағы ғылыми басылымдары ұсынылды.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
«ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ»
“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты