Menu

2018 жылдың 3 наурызында «Ғылым ордасы» РМК ғимаратында Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор, көрнекті ғалым, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, халқымыздың біртуар азаматы, білгір басшы, кемел азамат Кенжеғали Әбенұлы Сағадиевтың туғанына 80 жасқа толуына және «Reforms in Kazakhstan:An Analitical View» кітабының тұсаукесеріне арналған іс-шараға кітап көрмесі қойылды.

Академиктің ғұмыр жолының негізгі бөлігі ғылыми-педагогикалық, ағартушылық саламен тікелей байланысты екеніне көз жеткізуге болады. Сондықтан да болар өз замандастары оныңреформатор ғалым болғанын мақтанышпен ауызға алады.

К.Сағадиевтың ірі экономист-ғалым ретіндегі ғылыми шығармашылығы алғашында материалдық-техникалық жабдықтау мәсе­лелерін зерттеуден көрініп, ол оның талдамалары негізінде экономика ғылымының жаңа бағытына айналып, осы бағыттың көшбасшысы болды.

Академик Кенжеғали Сағадиевтың басшылығымен 50-ден аса докторлық және кандидаттық диссертация қорғалды. Үздіксіз ізденіс пен ұдайы ұмтылыс өзінің зейнетін де беріп келе жатқаны сөзсіз.

Ол 1992-1993 жылдардың қорытындысы бойынша Кембридждегі Халықаралық өмірбаян орталығының ұсынуымен «Жыл адамы» атанды. Бүгінде оның омырауында «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы», «Парасат», «Барыс» ордендері жарқырайды. Ол – Қазақстанның ғылым мен техникасына еңбегі сіңген қайраткер.

РМК «Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен болған кітап көрмесінде К.Сағадиевтың өмір жолы, ғылыми мұрасы, еңбектері, мақалалары мен сұхбаттары, сондай-ақ замандастары, достары туралы жазылған естеліктері де қонақтар назарына ұсынылды.

Еліміздің біртуар азаматы Кенжеғали Әбенұлының өмір жолы, ғылыми мұрасы өскелең ұрпаққа өнеге болары сөзсіз.

                      

 Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы


gylymorda embl 

banner


 Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo