«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында «Қазақ» газеті әрбір қазақтың бойына ұлттық рух қалыптастыруға ат салысып, елдік мәселелерді көтерген қоғамдық, саяси және әдеби газет. 1913-1918 жылдар аралығында Орынбор қаласында шығып отырған газеттің 266 саны жарық көрді. Биылғы жылы шыға бастағанына 105 жыл толып отырған «Қазақ» газеті қилы кезеңдерді бастан кешіре отырып, халықтың арманын, ойын терең ұғына білді. Ақиқат пен әділдіктің төрешісі, ұлттық рух жаршысы болды. Алаш қозғалысының саяси ұстанымдарын жариялап тұрған басылым қазақ тілінде шынайы кәсіби газет стилін қалыптастырды, зор ағартушылық рөл атқарды. «Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырушылар – А. Байтұрсынұлы, М.Дулатов болды. Газет авторларының көпшілігі ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетіміздің зиялы азаматтары болып, көп жылдар бойы «халық жауы» деген атпен жүрді.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
«ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ»
“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты