«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында көрнекті Мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, КСРО шет ел ордендері мен медальдарының иегері, техника ғылымдарының докторы, Қазақ ССР Ғылым академиясының Президенті, академик Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевқа арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге заңғар тұлғаның Қазақстан ғылымының  дамуы, Республиканың өркендеуі, Алматының көркеюіне байланысты жазылған еңбектері, баяндамалары қойылды. Сонымен қатар өзімен қызметтес болған әріптестерімен, замандастарының естеліктері қойылды.