2017 жылы қарашаның 23-24 күні Зоология институтында «Жыртқыш құстар мен аңшылық: тарих және қазіргі заман» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Осы шараға «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы Зоология институты ғалымдарының еңбектерінен кітап көрмесі ұйымдастырды. Конференцияға қатысушы ғалымдар мен қызметкерлер, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚазҰАУ-ің студенттері кітап көрмесіне қызығушылық танытты.