2017 жылы 28 қазанда «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында Түркі академиясы халықаралық ұйымы түркі әлеміне ортақ құндылықтарды саралау мақсатымен «Рухани жаңғыру: тұлғалар тағылымы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Ұйымдастырылған келелі жиынға белгілі қоғам қайраткерлері, түркітанушы-ғалымдар және зиялы қауым өкілдері қатысты.
Түркі академиясы халықаралық ұйымы, Тіл майталмандары, академиктер Ә. Қайдар., Р. Сыздық және Ш. Сарыбайды Академия тарапынан марапаттады.
2014 жылы Түркі академиясы кітапханасына әйгілі мажар түркітанушысы Иштван Қоңыр Мандокидің 16 мыңнан астам жеке кітап қоры мен құнды қолжазбаларын тапсырған ғалымның жары Оңайша Мақсұмқызына да сый-сияпат көрсетілді.
Осы іс-шара шеңберінде көпшілікке Академияның ғылыми жобалары негізінде жарық көрген жаңа еңбектері таныстырылып, Орталық ғылыми кітапхана қорынан кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
«ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ»
“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты