2017 ж 27 қазанда «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында, 1917 жылғы Ресейдегі революциялар және «Алаш» Ұлттық-демократиялық партиясының құрылғанына 100 жыл толуына орай Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Ресей Ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің Тарих институты, РФ Президенті жанындағы Сібір басқару институттарының ұйымдастыруымен Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция барысында аталған тақырыпқа байланысты Қазақстан және Ресей ғылыми-зерттеу институттары ғалымдарының баяндамалары тыңдалып, көптеген маңызды пікірлер айтылды.
Аталған іс-шараға арнап «Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасы қорынан кітап көрмесі ұйымдастырылып, 1917 жылғы қос революцияға және Алаш қозғалысына байланысты Ресей және Қазақстан ғалымдарының 300-ге жуық еңбектері қойылды.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
«ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ»
“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты