«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында қазақ тілтанушысы, көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері Мәуелен Балақайұлы Балақаевтың туғанына 110 жыл толуына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
М. Балақаев Қазақ педагогикалық институтын бітірген. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Алматы журналистика институтыныңкафедра меңгерушісі, Шет тілдері институтының директоры, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінде кеңесші-референт, Мемлекеттік терминология комиссиясының ғалым-хатшысы, Қаз МУ-да кафедра меңгерушісі, ұзақ жылдар бойы Қазақстан Ғылым академиясында бөлім меңгерушісі, ғалым кеңесші болды. М. Балақайұлының ғылыми-зерттеген еңбектері қазақ тілі ғылымының грамматика, емле, терминология, тіл мәдениеті, стилистикатәрізді өзекті мәселелеріне арналған. М. Балақайұлы орта мектептерге, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын жазуға белсене ат салысты. М. Балақайұлы 150-ден аса ғылыми еңбектің, оның ішінде 20-ға жуық кітаптар мен монографиялардың, зерттеулердің авторы. М. Балақайұлының «Жай сөйлем синтаксисі» деген докторлық диссертациясы тіл білімі тарихындағы жаңалық ретінде жоғары бағаланды. «Қазіргі қазақ тілі» оқулығы – синтаксистің салаларын ғылыми тұрғыда жүйелеп, оның құрылымдық қызметін терең зерттеген. М. Балақайұлы «Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің негізгі типтері» атты монографиясындасинтаксистің дербес саласы ретінде сөз тіркесін алғаш зерттеді. Еңбектерінің бірқатары қазақ әдеби тілінің дамуы мен көркем әдебиет тілін зерттеу мәселелеріне арналған. «Қазақ әдеби тілі және оның нормалары» атты монографиясы үшін Ш.Ш.Уәлихановатындағы сыйлықтың лауреаты атағы берілді.
Қойылған көрмеден ғалымның монографиялары, ғылыми еңбектері, мектептерге арналған оқулықтар және ғалым туралы жазылған материалдармен танысуға болады.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
«ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ»
“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты