Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, белгілі энергетик-ғалым Шапық Шөкиннің туғанына 105 жыл толуына орай «Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ғалымның «Путь Национальной Академии наук», «Четыре времени жизни» атты мемуарлық еңбектерінен бастап, монографиялары, ғылыми жұмыстары қойылды.
Ш. Шөкин 400-ге жуық ғылыми жұмыстардың және 22 монографияның авторы. Ол Ғылым академиясын нығайтуға оның материалдық-техникалық базасын күшейтуге, ғылыми зерттеу жұмыстарын өндіріске енгізуге көп күш салды. Энергетика ғылымының көп салаларымен айналысты. Негізгі еңбектері энергетика жәнесу шаруашылығыныңболашақ дамуын зерттеу болды.
Ш. Шөкин Шульба, Семей және Бұқтырма су электр станцияларын салуды ұсынғандардың бірі, Ертіс-Қарағанды каналының жолын белгіледі. Қапшағайканалы мен Қапшағай су электр станциясынсалу ісіне үлкен үлесқосты. Сібірөзендерін Қазақстанмен Орта Азияғaбұру мәселесін ғылыми тұрғыда қарастырған алғашқы ғалымдардың бірі.
Шапық Шөкин көптеген Мемлекеттік наградалардың иегері. Академиктің халқының болашағы үшін сіңірген еңбегі бағаланып, 1996 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаев жоғары дәрежелі «Халық қаһарманы» атағын берді. 2000 жылы «Ғылымға қосқан үлесі үшін» атты Тарлан сыйлығына ие болды. Биылғы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматыдағы Ш. Шөкин атындағы Қазақ энергетика ғылыми-зерттеу институтының алдында ғалымға ескерткіш қойылды.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
«ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ»
“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты