Филология ғылымдарының докторы, ҚазССР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі
ҒАЙНЕТДИН МҰСАБАЕВТЫҢ туғанына 110 жыл
Қазақ тілінің морфологиясын зерттеуші алғашқы ғалымдардың бірі филология ғылымдарының докторы, ҚазССР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Ғайнетдин Мұсабаевтың туғанына 110 жыл толып отыр. Осы атаулы күнге арнап Орталық ғылыми кітапхана ғалым еңбектерінің кітап көрмесін ұйымдастырды.
Профессор Ғ. Мұсабаевтың ғылыми шығармашылығы сан салалы, ол алғашқылардың бірі болып қазақ әдеби тілі, оның қалыптасуы мен дамуы, тарихи лексикография, лексика,этимология және диалектология туралы ойлы пікірлер айтты. Ғалым қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздіктердің жарық көруіне өзі тікелей басшылық жасады, құрастырушы авторлар қатарында болды. Ғ.Мұсабаев ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізумен бірге мектеп оқулықтарын жазуға да белсене қатысқан ғалымдардың бірі.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
«ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ»
“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты