РМК «Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасының Халық жазушысы М. Шахановтың туғанына 75 жыл толуына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының Халық жазушысы, ақын, қоғам қайраткері, Қырғыз Республикасының халық ақыны Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Қасқасу ауылында дүниеге келген.
КСРО халық депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі (1989-91). КСРО Жазушылар Одағының мүшесі (1969). КСРО Жазушылар Одағының пленум мүшесі (1978). Қазақстан Жазушылар Одағы Басқармасының хатшысы (1986). Республикадағы тұңғыш құрылған экологиялық қозғалыс - Арал және Балқаш проблемалары жөніндегі қоғамдық комитеттің төрағасы (1988), 1989-90 жылдары 1986 ж. желтоқсан оқиғасына байланысты Жоғарғы кеңес комитетінің төрағасы.
Мұхтар Шаханов 2001 жылдан «ХХІ ғасыр және Руханият» атты халықаралық элита клубының президенті.
2004 жылдан – «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының төрағасы.
2010 жылдан – «Тәуелсіздікті қорғау» атты 50-ден астам қоғамдық ұйымдардың, партиялардың, баспасөз орындарының басын қосатын халықтық-демократиялық қозғалыстың төрағасы және республикалық «Жалын» журналының Бас редакторы.
М. Шахановтың еңбегі мемлекет пен және халықаралық ұйымдармен жоғары бағаланды. "Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін" "Еңбектегі ерлігі үшін" медалі, "Жазагер жады космоформуласы" шығармасы үшін Калифорния Ғылым индустрия, білім және өнер академиясының А.Эйнштейн атындағы алтын медалі, «Нобель» қоры, Ресей жаратылыс ғылымдары академиясы бірлесіп бекіткен «Нобельдің Алтын медалімен» марапатталды.
Көрмеден М. Шахановтың еңбектері, әдеби көркем шығармалары және ақын туралы материалдармен танысуға болады.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
«ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ»
“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты