Әлемнің жүздеген елінен миллиондаған қонақтар қатысатын Халықаралық мамандандырылған көрменің  Қазақстанда өтуі еліміз үшін өте үлкен жетістік. ЭКСПО – 2017 көрмесі – Тәуелсіз Қазақстанның ең көлемді жобасы, бұл Халықаралық көрме – білімге, инновациялық технологияларды тиімді пайдалануға, идеяларымен алмасуға және ынтымақтастықты дамытуға бағытталған әлемдік көлемдегі іс-шара. ЕХРО – 2017 «Болашақтың энергиясы» көрмесі ең үздік әлемдік энергия көздерін пайдаланудағы ғылыми жетістіктерді, жаңа технологияларды көрсетуге мүмкіндік беретін орын.

«Болашақ энергиясы» атты ЭКСПО – 2017 көрмесінің ашылу салтанатына орай «Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасы «Астана  және ЭКСПО» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге Елордасы Астана туралы еңбектер және көрменің ашылу салтанатына арналған дайындықтар туралы көптеген мерзімді басылымдар қойылды.